{metadescription}
Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, бүтін бір отбасы жанып кетті

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, бүтін бір отбасы жанып кетті

Екі көлік соттығысқан кезде газ баллоны жарылып, 6 адам мерт болды.

Оқиға 16 қыркүйек күні таңғы сағат 3:45-те тіркелді. Самара – Шымкент тасжолының 934-і шақырымы, яғни, Әйтеке би ауданының Белқопа ауылы маңында болды. Самара-Шымкент тас жолының 934-шақырымында Қарабұтақ ауылынан Ақтөбеге қарай бағытта келе жатқан Mazda Cronos көлігінің жүргізушісі қарсы  жолға шығып, Opel Vectra көлігімен соқтығысқан.

Газ цилиндр қондырғысы Mazda автокөлігіндегі соққылардан жарылды. Жүргізуші, оның әйелі, ұлы мен немересі жолаушылар салонындағы өрттен қаза тапты. Сондай-ақ, соқтығысу салдарынан «Опель Вектра» көлігінің жүргізушісі аудандық ауруханаға түсті. Әйелі мен баласы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалануы кезінде, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан).

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде