Алматыда 7 мұғалім мен 18 оқушыдан туберкулез анықталды
Алматы мектептерінде 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді.
16:41 16.09.2019
«Біз 100 аспаптық-зертханалық зерттеу жүргіздік. Жоспардан тыс тағы 75 тексеру болды, 105 айыппұл салынды, 100-ден астам хаттама толтырылды. Медициналық тексеруден уақытылы өтпеген 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді», - деді Алматы қалалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
2019 жылдың сегіз айында Алматы мектептерінде 7 мұғалімнен туберкулез анықталды. Өткен жылы осындай 4 жағдай тіркелген болатын. Оқушылар арасында 18 жағдай анықталды, ал былтыр 24 оқушы туберкулезге шалдыққан еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!