{metadescription}
Қарағандыда түнгі клубта атыс болды

Қарағандыда түнгі клубта атыс болды

Қарағандының түнгі клубтарының бірінде ер адамдар мылтықтан оқ атқан.

Полиция екі қару тәркіледі. 15 қыркүйек күні 102 диспетчер қызметіне Қарағанды қаласының түнгі клубтарының бірінде белгісіз адамдар оқ атқаны туралы хабар келіп түсті. Аталмыш дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді («бұзақылық»). Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде полицейлер «BMW X5» көлігін тоқтатқан. Рөлінде 21 жастағы жүргізуші мен 20-40 жас аралығындағы үш жолаушы болған. Автокөліктің салонын тексеру кезінде бір ойық ұңғылы атыс қаруы мен пневматикалық қару табылып, тәркіленді», - делінген Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән жайы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде