Ер адам ауылдасының көзін ойып алып, батареяға байлап қойған
Батыс Қазақтан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ауылдасының көзін ойып алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты.
08:45 17.09.2019
Жантүршігерлік оқиға Батыс Қазақтан облысы Жәнібек ауданы Тау ауылында болған. Сот үкімі бойынша күдікті Қалиев ҚР қылмыстық кодексінің 106-бабына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 36 жастағы ер адам жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесінде өтейді.
Істің мәліметіне сәйкес, 27 сәуірде келіншек күйеуі Қалиевтің ұялы телефонына хабарласып, ауылдасы Нұралиннің үйге рұқсатсыз кіріп, өзін зорламақ болғанын айтады. Ол кезде күдікті көлігімен басқа ауылға кетіп бара жатыпты. Алайда әйелінің сөзін естіп, шұғыл үйіне қайтқан. Қалиев үйіне жеткен соң ас бөлмесінде еденде жатқан әйелін көреді, үстінде ауылдасы Нұралин отыр екен. Ашуға булыққан күдікті Нұралинді екі рет ұрып жығады. Сол сәтте келіншек орнынан тұрып, үйден қашып щыққан.
Нұралин де қашпақ болып еді, Қалиев оны ұстап соққының астына алады. Содан кейін пышақпен жәбірленушінің оң көзін ойып алады. Ол Нұралиннің сол көзі көрмейтінін білетін. Артынша сол көзін де ойып алып, ер адамды батареяға байлап қояды. Осыдан кейін күдікті полиция мен фельдшерді өзі шақырған екен.
"Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - деді судья сот отырысында.
Прокурор Қалиевті қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша соттауды сұраған, алайда судья 106-бабқа (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) ауыстырды. Тергеу барысында Қалиев кінәсін жартылай мойындап, әйелін қорғағысы келгенін айтқан.
Күдікті де, жәбірленуші де бұрын бірнеше рет сотталыпты. Әрі екеуі де мүгедек екен. Сондай-ақ оқиға болған кезде Қалиев сау, ал күдікті қатты мас болған көрінеді. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!