Министр Жанар Хамитованың өліміне қатысты түсініктеме берді
Ішкі істер министрлігінің басшысы әншінің өз-өзіне қол жұмсағанын растады.
11:51 17.09.2019
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді.
"Жанар Хамитованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдай тексеріліп жатыр. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі болғанын бәріңіз білесіздер. Осыған байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалып, кейбір нюанстары істің аясында тексерілетін болады", - деді Тұрғымбаев.
Естеріңізге сала кетейік, әнші кеше таңертең Қарқаралы өңіріндегі өз ауылында қайтыс болды. Қарағанды облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүріп жатқанын айтқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!