{metadescription}
Алматыда жиһаз цехы өртеніп жатыр

Алматыда жиһаз цехы өртеніп жатыр

Алматыда алапат өрт шықты.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті Жетісу ауданы Ратушный көшесі 84 а мекен-жайында өрт шыққанын хабарлады. Департамент таратқан ақпарға сай, Жетісу ауданындағы өрт туралы хабар 11:57-де түсті.

«Жетісу ауданы, Ратушный көшесінде орналасқан шеберхана өртеніп жатыр. Оқиға орнында өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеуде. Қызыл жалының жақын жерде орналасқан өндірістік цехқа таралу қаупі туындауда. Өртті сөндіру үшін 20 техника мен 60 адам жұмылдырылды», - деді Алматы ТЖД.

Қара түтін қаланың әр жерлерінен көрінеді. Өрттің тұтану себептері анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.