{metadescription}
Түркістан облысында жас жігітті атып өлтірді

Түркістан облысында жас жігітті атып өлтірді

Түркістан облысының полицейлері жас жігітті атып өлтіріп, қашып кеткен күдіктілерді қолға түсірді

12 қыркүйек күні Қазығұрт аудандық ауруханасында мылтық жарақатынан жас жігіт көз жұмған. Бұл туралы таңғы 05.30 шамасында ақ халаттылар Қазығұрт аудандық полиция бөліміне хабар берген. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді.

Полицейлер күдіктілерді Шымкентте ұстады, олардың бірі Шымкент қаласының тұрғыны, екіншісі Қазығұрт ауданының тұрғыны. Олардан шолақ мылтық тәркіленді. Сараптама тағайындалды.  Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайы мен қылмыстың мотивін анықтап жатыр. 
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде