{metadescription}
Алматы облысында анасы мен қызын өлтіріп кеткен

Алматы облысында анасы мен қызын өлтіріп кеткен

Алматы облысының полиция қызметкерлері екі адамды өлтірді деген күдікпен 45 жастағы әйелді ұстады.

Оқиға Бәйдібек би ауылында болған. 16 қыркүйек күні жеке үйлердің бірінің ауласында зорлықпен өлтірілген екі әйелдің мәйіті табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, Еңбекшіқазақ аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында сол күні күдіктіні анықтап, ұстады.

«Кісі өлімін ашуға бағытталған үлкен жұмыс атқарылды. Нәтижесінде, Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ретінде осы ауылдың 45 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір әйел қамауға алынды. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес жүргізілуде», - деп мәлім етті Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, көз жұмған әйелдер бір-біріне анасы (1952 жылы туған) және қызы (1975 жылы туған) болып келеді. Полицияда сондай-ақ, факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу облыстық департаменттің ерекше бақылауында тұрғанын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде