{metadescription}
Жойқын жарылыстан 24 адам көз жұмды

Жойқын жарылыстан 24 адам көз жұмды

Ауғанстанның Парван провинциясының орталығы Чарикарда жарылыс болып, 31 адам жарақат алды.

Жергілікті Денсаулық сақтау органы өкілінің мәлімдеуінше, зардап шеккендердің ішінде әйелдер мен балалар бар. Президент Ашраф Гани штабының сайлауалды митингті өткізген жеріне жақын аумақта жарылыс болып, 24 адам көз жұмды, 30 адам зардап шеккен. Ганидің өзі аман-есен.

Парван провинциясының орталығында болған жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Reuters агенттігінің хабарлауынша, құрбандардың басым көпшілігі бейбіт адамдар болған. Құрбандар саны өсуі мүмкін.

«Гани жарылыс орнында болған, дегенмен аман-есен», - деп мәлім етті The Associated Press сайлауалды науқанның өкілі Хамед Азизге сілтеме жасап.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.