8 жасар бала анасын ажал аузынан алып қалды
Англияның Флинтшир қаласында сегіз жасар бала анафилактикалық шок болған анасын құтқарып қалды.
18:50 17.09.2019
Екі баланың анасы, 34 жастағы Дженнифер Лэмб баласымен бірге үйде болған. Әйел шоколад жеген соң бірден қатты аллергиялық реакция басталған. Ол тұншыға бастапты. Әйел заттарды жан-жаққа лақтырып, дыбыс шығаруға тырысқан. Уильям анасының жанына жүгіріп келіп, жедел жәрдем шақырған.
"Баламның не деп айтқанын дұрыс ести алмадым. Анам дем ала алмай жатыр дегенін ғана естідім", – дейді әйел.
Бала дәрігердің айтқанын істеп, анасын еденге жатқызып, басын көтерген. Әйелдің тыныс жолдары біраз ашылған. Кейін 8 жасар бала есікті ашып, жедел жәрдемді күткен.
"Дәрігерлер он минут ішінде келді. Бірақ менің өмірімді Уильямның құтқарғаны анық. Ол - менің қаһарманым. Бірақ мақтаған кезде ұялып қалады", - дейді келіншек.
Әйел бірден ауруханаға жеткізілген. Аллергияның нақты себебі анықталады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!