БҚО-да 5 жасар бала үшінші қабаттан құлап мерт болды
Батыс Қазақстан облысында бес жасар бала үшінші қабаттан құлап кетіп, көз жұмды.
13:47 19.09.2019
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға кеше сағат 12.13-те Жаңақала ауданының орталығы Жаңақала ауылында болды. Меңдіханов көшесі бойында үш қабатты үйде қараусыз қалған 2014 жылғы бала терезеден құлап кеткен.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 қызметкер, 1 техника) барды. БҚО ТЖД ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Сонымен қатар пластикалық терезелерді орнату кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!