Ақтөбеде қыз зорлаған күдіктілер қамалды
Ақтөбеде қызға зорлық көрсетті деп күдікке іліккен екі ер адам бұған дейін үйқамақта болса, енді олар тергеу аяқталғанша қамауда отырады.
16:17 20.09.2019
Бұған дейін хабарлағанымыздай , Елек өзені жағасында көлік ішінен бір қыз жүгіріп шығып, өзіне зорлық көрсетілгені туралы полицияға айтқан болатын. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүрді.
«Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігімен («Зорлау») іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Күдіктілер үйқамаққа алынды. Тергеу кезінде іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігіне қайта өзгертілді. Алғашында күдіктілер үйқамақта болды. Кейін екеуі де тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлайды облыстық полиция департаменінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!