Орал саяжайында үш адам өртеніп кетті
Орал қаласында сайжай аумағындағы өртенген үйдің орнынан ер адамның, әйел адамның және бір баланың денесі табылды.
10:14 27.09.2019
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«27 қыркүйек күні сағат 02:46-да өртке қарсы қызмет диспетчеріне Орал қаласының «Толқын» бау-бақша серіктестігінің аумағынан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте саяжай үйі өртеніп жатқан», - делінген хабарламада.
Өрт сағат 06.15-те сөндірілді. Оның аумағы 35 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан үш адамның өртенген денесі табылды: олардың бірі 1961 жылы туған ер адам болып шықты, ал әйел мен баланың кім екені анықталып жатыр. Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам және Батыс Қазақстан облысы ТЖД 4 техникасы жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!