Батыр Жүкембаев қарсыласын жеңіп, WBA мен IBF чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) мексикалық Мигел Васкеспен (41-8, 15 КО) Монреалда (Канада) жекпе-жек өткізді.
10:40 27.09.2019
Бірінші жартылай орта салмақтағы титулдық айқас он раундқа жоспарланды. Жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа дейін созылып, отандасымыз төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бір төреші 100-90, қалған екі төреші 99-91 деген есеп тіркеді.
Осылайша, Батыр кәсіби мансабында 17-ші рет жеңімпаз атанып, өз дивизионындағы бос тұрған екі чемпиондық белбеуді - WBA Continental және IBF Inter-Continental иеленді. Ал мексикалық боксшы болса 9-шы рет жеңілістің кермек дәмін татты. Сондай-ақ 41 рет жеңіске жеткен.
Айта кетейік, бұл айқас Батыр Жүкембаевтың кәсіби рингтегі үшінші титулдық жекпе-жегі. Бұдан бұрын ол IBO International және WBC Continental Americas белбеулерін иемденген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!