{metadescription}
Таиландта қазақстандық әйел жағажайдан өлі күйінде табылды

Таиландта қазақстандық әйел жағажайдан өлі күйінде табылды

Таиландтың Паттайя қаласындағы жағажайлардың бірінде қазақстандық әйелдің денесі табылды.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның өлімін тіркеді. Джомтьен жағажайында туристер теңіз жағалауынан әйелдің денесін тапқан. Олар әйелді шығарып алып, полицейлер мен жедел жәрдем шақырыпты. Алайда оқиға орнына келген дәрігерлер әйелдің өлімін тіркеді. 

Полиция мәліметінше, болжам бойынша, әйел суға түспек болып, батып кеткен. Хабарланғандай, марқұм 78 жаста болған. Ол күйеуімен бірге Таиландқа демалуға келген. Қазақстандық әйелдің өлімінің нақты себебін анықтау үшін, денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде