{metadescription}
Қыз екі жігітті бір-бірін өлтіруге мәжбүр еткен

Қыз екі жігітті бір-бірін өлтіруге мәжбүр еткен

Австралиялық 46 жастағы экс-стриптизер Робин Линдхольм жоғарғы сот алдында өзіне ғашық болған екі көңілдесін бір-бірін өлтіруге мәжбүр еткені үшін жауап берді.

2016 жылы экс-стриптизер өзінің сүйіктісі, фитнес-клубтың иесі Уэйн Эмиді өлтіргені үшін 25 жылға сотталған болатын. Енді оның түрмеге қамалуы өмір бойына ұлғаюы мүмкін. Темір тордың ар жағында отырған Линдхолм өзінің камерасында отырған кісімен сөйлесіп, өзіне тағылған айып жалғыз кісі өлімі емес екенін айтып қойған. Ол кезекті бір клиентімен көңіл көтеру кезінде ол адамның мойнын орып жібергенін мойындаған.

Сонымен қатар, ол кем дегенде екі рет сұлулығының арқасында өзіне келген жігіттердің бір-бірін өлтіруге мәжбүрлейтінін айтты. 2005 жылы қайтыс болған көңілдесінің бірі Джордж Темплтонның денесі әлі табылған жоқ.

Австралиялық бұқаралық ақпарат құралдары оны "өлім әйелі" деп атап кеткен. Сот барысы кезінде екі жігіт ол өзінің қылмыстық өмірінің кей үзінділерді айтып беретінін, сондай-ақ «Мистер Темплетон теңізде балықпен жүзіп жүргені» туралы әнді айтқанын жеткізген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде