{metadescription}
Қатты жауыннан 73 адам қаза тапты

Қатты жауыннан 73 адам қаза тапты

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында соңғы 4 күнде толассыз жауған жауыннан лай көшкіні жиілеп, 73 адам қаза тапты.

Көптеген елді мекенді су басқан. Тас және темір жолдар бүлініп, аймақпен қатынас үзілген. Табиғат апатына байланысты аймақта барлық мектептер жабылған. Қолайсыз ауа райы Бихар, Уттаракханд және Раджастанда да болды. Нөсер салдырынан Үндістанның солтүстік аймағында пойыз және әуе рейстері тоқтатылды.

Сонымен қатар, осы штаттардағы мектептерде сабақ 30 қыркүйекке дейін тоқтатылды. Уттар-Прадаш үкіметі қайтыс болғандардың отбасына 400 мың рупий берді. Синоптиктер әлі де қатты жаңбыр жауатынын айтып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде