Саунада еркектерді зорлап келген әйел ұсталды
Татарстанда жұп құрған әйел мен ер адам ақша бопсалау мақсатында бейтаныс еркектерді саунада зорлаған.
11:22 30.09.2019
Келіншек құрбандарын әлеуметтік желіден тауып, оларды саунаға бірге демалуға шақырған. Саунаға кіргеннен кейін әйелдің сыбайласы келіп, екеуі пышақпен қорқытып, демалмақ болған еркектерді сауна ішінде зорлаған. Олар зорлығын видеоға түсіріп алып, кейін жәбірленушілерден ақша бопсалаған. Бір жағдайда жәбірленушіден 18 мың рубль (107 900 теңге) боспалаған.
Құқық қорғау органдары қылмыскерлер аз дегенде үш шабуыл жасағанын анықтады. Қазір тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Олар заңсыз бас бостандығынан айыру, сексуалды қорлық және бопсалау бойынша айыпталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!