Павлодарда ер адам 15 жастағы қызын зорлап тастаған
Павлодар облысында кәмелетке толмаған қызын зорлаған ер адам ұсталды.
12:39 30.09.2019
Оқиға осы жылдың 27 қыркүйегінде түнгі 23.00 шамасында болды. Полицияның ақпаратынша, Ақсу қаласының 35 жастағы тұрғыны қала шетінде 2004 жылғы қызына қатысты күш қолданып, жыныстық зорлық-зомбылық жасаған. Кәмелетке толмаған қыз түрлі жарақатпен ауруханаға жүгінді. Сот-медициналық сараптама белгіленді.
Күдікті ұсталды, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Бұрын 2008 жылы ұсталған ер адам осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Осы үшін 8 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген болатын», - деп хабарлайды департаменттен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!