{metadescription}
Қазақстанда көкөніс, ет пен жұмыртқа бағасы қымбаттады

Қазақстанда көкөніс, ет пен жұмыртқа бағасы қымбаттады

Қазақстанда көкөніс, ет, балық, жұмыртқа және басқа да азық-түлік қымбаттады.

Бұл туралы Energyprom.kz хабарлайды. Биыл жаңа піскен көкөніс маусымы салыстырмалы түрде ерте аяқталған дейді сарапшылар. Сарапшылардың есебінше, қыркүйекте орамжапырақ пен қияр бағасы тамызбен салыстырғанда 15 пайызға қымбаттаған. Сарымсақ 7,3 пайызға, үрмебұршақ - 1,7 пайызға өскен. 

Кейбір көкөніс бағасы сәл арзандаған - пияз (бір айда 25,2 пайызға), сәбіз (22,8 пайызға), қызылша (9 пайызға), картоп (8,2 пайызға) тәрізді маусымдық көкөністер бағасы арзандаған. Ал қызанақ бағасы небәрі 1,4 пайызға төмендеген. Ендігі олардың да бағасы өсуі мүмкін. 

Жемістер арасында апельсин бағасы бірден 4,3 пайызға айтарлықтай қымбаттапты. Ал банан, керісінше, 2,8 пайызға арзандаған. Жұмыртқа - 6,1 пайызға қымбаттады. Мұзға қатырылған балық 2,3 пайызға, сиыр еті - 2,1 пайызға, жылқы еті - 2 пайызға қымбаттады. 

Тары бағасы 3,1 пайызға, ал күріш 2,2 пайызға өсті.

Сусындар мен бакалеялық тауарлар бағасы өзгеріссіз қалды. Қант, мысалы 4,6 пайызға арзандаған. Ал сусындар мен бакалея тауарларының арасында бағаның жоғарылауы байқалмады. Мысалы, қант бір айда 4,6 пайызға арзандапты.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде