{metadescription}
Бетінде Бэтменнің маскасы бар сәби дүниеге келді

Бетінде Бэтменнің маскасы бар сәби дүниеге келді

Алты айлық Луна Феннер үлкен меңмен туған.

Диагнозы - меланоцитарлық невус. Бұл қазір аса қауіпті емес. Алайда уақыт өте келе меланомаға айналуы мүмкін. Ол – рактың бір түрі. Ресейдің Краснодар қаласының дәрігерлері алты айлық америкалық сәбиге көмектеспек. Жақында ол анасымен Ресейге барады.

Сәби Бэтменнің масқасына ұқсас меңмен туған. АҚШ-та Лунаға сексен ота жасау керек екені айтылған. Олардың жалпы құны шамамен жарты миллион доллар. Ресейлік онкологтар сегіз операция жеткілікті деп отыр. Олар Лунаның анасына өздері хабарласқан.

Әлем Луна туралы интернеттен білді. Оның анасы инстаграм әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, қызының сырқаты туралы жазған. Ол Лунаның диагнозы туралы толық ақпарат берді. Өйткені оның жағдайы ерекше. Сәбилер мұндай меңмен өте сирек туады.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.