Питбуль баланы жыланнан қорғап, басын жұлып алған
АҚШ-тың Флорида штатында Зевс атты тоғыз айлық питбуль екі баланы жыланнан құтқарып қалды.
16:50 30.09.2019
Джина Ричардсон он жастағы Орайли есімді ұлының үйдің ауласында ойнап жүргенін айтады. Алайда аяқ астынан ит баласының жанына барып, белгісіз нәрсемен алыса бастаған. Орайли Зевс жіппен ойнап жүр деп ойлапты. Ит баланы мүлдем жанына жолатпаған. Бірер минуттан соң питбуль жерге құлап, орнынан тұра алмай қалған. Орайлидің 11 жастағы ағасы да аулада ойнап жүріпті.
Бала итке жақындаған кезде жыланға көзі түседі. Кейін бұл өте улы коралл жыланы екені белгілі болды. Жылан тоғыз айлық итті төрт рет шағып алған. Зевс те есесін жібермей, азулы тістерімен оның басын жұлып алып, жұтып қойыпты. Итті шұғыл түрде ветеринарлық клиникаға апарып, жыланның уына қарсы екпе жасалды. Алайда еш нәтиже болмапты. Зевс бір тәуліктен соң, Орайлидің туған күнінде өлген. Джина Ричардсон барша отбасы қатты өкінетінін айтады. Ол питбуль болмаса, ұлдарымның бірінен айырылар едім деп отыр.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!