16-шы балаға жүкті әйел ең кәрі суррогат ана атанды
52 жастағы Англия тұрғыны Кэрол Хорлок 14-ші рет өзге жанұяға бала туып беру үшін келісімшарт жасасып, әлемдегі ең кәрі суррогат ана атынып отыр.
19:14 30.09.2019
Хорлок Эссекс патшалығында 65 жастағы күйеуі Полмен тұрады. Оның бірінші некесінен екі баласы бар: 29 жастағы Стефани және 25 жастағы Меган. Сонымен қатар ол 13 бала үшін суррогат ана болды, олардың әрқайсысы үшін 15 мың фунт алды. Кэрол Хорлок алғаш рет 27 жасында суррогат ана болуға шешім қабылдады, ол кезде келіншектің өз балалары болған.
Оның айтуынша, 25 жыл бұрын тоғыз ай көтерген бірінші сәбиін ата-анасына берген кезде еш өкінбеген, себебі олардың бақытқа бөленгеніне көз жеткізген. Суррогат ана өз өмірінде бір рет егіздерді, екі рет үшемді дүниеге әкеліпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!