Қарағанды облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
Қарағанды облысында екі көліктің соқтығысуынан жас полицей мен оның зайыбы қаза тапты.
17:49 30.09.2019
Тағы төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 26 қыркүйек күні Қарағанды-Жезқазған автожолында Құлайғыр ауылынан 5 шақырым жерде 40 жастағы ер адам тізгіндеген «Аudi» автокөлігі мен 25 жастағы ер адамның басқаруындағы «ВАЗ» көлігі соқтығысқан.
«Жол-көлік апаты салдарынан «ВАЗ» жүргізушісі – полиция қызметкері мен оның 21 жастағы жолаушысы көз жұмды. 22 жастағы тағы бір жолаушысы медициналық мекемеге жатқызылды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Кейін анықталғандай, жарақат алған жолаушы әйелдің аяғы ауыр. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның және сәбидің өмірін аман алып қалу үшін күресуде. Сондай-ақ, «Аudi» иесі мен оның екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған. Олардың бірі облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары. Оқиға кезінде жоғары лауазымды полицей демалыста болған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол апаты себептері анықталуда.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!