{metadescription}
Шымкентте бозбала 7 жасар баланы көлікпен қағып, мерт қылды

Шымкентте бозбала 7 жасар баланы көлікпен қағып, мерт қылды

Шымкентте танысының көлігін айдап кеткен бозбала жол апатына түсіп, 7 жасар балақай мерт болды.

Тағы екеуі ауыр хәлде ауруханада жатыр. Үш бірдей отбасын қан қақсатқан жол апаты Шымкенттің қозғалысы аз, ең тыныш көшелерінің бірі – Әлімбетов көшесінде болды. Кешкі сағат жетілерде 4 балақай әдеттегідей көшеде ойнап отырған екен. Осы кезде жоғары жылдамдықпен келген Мицубиси Оутлэндер көлігі жол жиегінде ойнап жатқан достарды жаншып тоқтаған. Ұшып келген көліктен 6 жасар бала ғана қашып үлгерді. 

Жол апаты мерт болған Әбдімәліктің атасының көзінше болған. Қарияның айтуынша, көлік тежегішін де баспапты. Тіпті кешеден бері келіп жатқан кінәлі тарап кешірім сұрап, кейбірі тіпті дөрекілік танытып жатыр дейді. 1-сыныпқа барып жүрген немересін бүгін ғана жерлеген ақсақалдың камераға сөйлегісі келмеді. Ал бүгін ғана жансақтау бөлімінен шыққан Әлібек Нәзірдің анасы ұлының аман қалғанына шүкір деп отыр. Ұлы мен достарын қаққан көліктің тізгінінде бозбала болды дегенді естіген ол, баласының ес жиғанын күтіп отыр. 

"Ағасының машинасын алып кетті деп айтып жатыр жұрт. Білмеймін, мен көрген бала – жас бала, жас бала жүрді сол жерде, жасы 1516 шығар көп болса, ағасының ба, әкесінің бе, көлігін алған", - дейді жәбірленушінің анасы Салтанат Сатанова.

Дәрігерлер ауыр жарақатпен түскен 10 және 11 жасар екі ұлдың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ екенін айтады. Олар толық емделіп шығуға шамамен үш апта керек деп жорамалдап отыр. Зардап шеккендердің барлығы бірдей көлік тізгінінде кәмелетке толмаған бозбала отырды дейді. Яғни, жүргізушінің арнайы рұқсаты болмағаны анық.

Ал полиция департаментіндегілер мұны не растамайды, не жоққа шығармайды. Әзірге уақышта қамау абақтысына тоғытылған күдіктіге қатысты бір баппен іс қозғалғанын айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде