Алматыда жолаушы автобус жүргізушісін пышақтап тастады
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісін пышақпен жарақаттады.
08:32 01.10.2019
«Жолаушымен қақтығыс салдарынан 28 жастағы автобус жүргізушісі пышақталды. Ол медициналық мекемеге жеткізілді, тексерістен кейін босатылды. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, Наурызбай аудандық полициясының аумақтық бөлімшесінде тергелуде. Қылмысты тергеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды», - деді Алматы қалалық полиция департаменті.
Күдіктіні анықтау және оны ұстау үшін жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілуде. Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жүргізушінің амбулаториялық емде жатқанын айтты.
Дерекккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!