Қазақ футболистерін алаңда қарсыластары сабап тастады
Матч соңында футболды өткізген мемлекет Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын да қоймады.
10:31 01.10.2019
Ал бұл ойынның барлық видео жазбасы кейін грузин сайттарынан алынып тасталды. Тбилисиде Грузия мен Қазақстан ұлттық құрамаларының американдық футболдан жолдастық матчы өтті. Дода Setanta Sports Georgia телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілді.
Бұл ойында 22:14 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Бірақ матчтың соңында Грузия құрамасының ойыншылары себепсізден себепсіз төбелес бастап, берекені қашырды. Сол үшін төрешілер алаң иелерінен 2 ұпайды шегерді. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы алаң иелерін 22:12 есебімен жеңді.
Матч соңында футболды өткізген мемлекет Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын да қоймады. Ал бұл ойынның барлық видео жазбасы кейін грузин сайттарынан алынып тасталды.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары