Асхат Маемиров жаңа қызметке тағайындалды
Бұған дейін Асхат Маемиров Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын басқарған еді.
13:35 03.10.2019
Асхат Маемиров Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан театрлары қауымдастығының баспасөз қызметі.
Асхат Максимұлы 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1991-1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алған. 1996 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма режиссері мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1997 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында актер болып бастады. 2008 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясымен Сорбонна университетінде және Париж ұлттық өнер консерваториясында білімін жетілдірді. 2010 жылы Ресей театр өнері институтының магистратурасын тәмамдады.
2017 жылдың 12 мамырында ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен «Қазақконцерт» өнер бірлестігінің бас директоры болып тағайындалды. 2018 жылдың 12 ақпанында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жетекшілік етті. А.Маемиров Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!