{metadescription}
Автобус өзенге құлап, 6 мерт болды

Автобус өзенге құлап, 6 мерт болды

Үндістанда бейсенбіге қараған түні жолаушылар автобусы өзенге құлады.

Салдарынан кем дегенде 6 адам көз жұмды, 20-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды ANI ақпараттық агенттігі. Келеңсіз жағдай орталық Мадхья-Прадеш штатының Райсен округінде болған. Құрбандардың ішінде 2 жасар бала мен екі әйел бар.

Полиция жол-көлік апатының себептерін тергеу ісін бастады. Билік өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетуге уәде берді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде