{metadescription}
Смартфон ұстап ұйықтап қалған ер адам көз жұмды

Смартфон ұстап ұйықтап қалған ер адам көз жұмды

Таиландтың Чонбури қаласында ер адам қуаттағыш қосылған ұялы телефонмен ойын ойнап жатып ұйықтап кеткен.

27 қыркүйекте 25 жастағы Састра Моин төсекте жатып, бірнеше ұялы телефонмен онлайн-ойын ойнаған. Бұл кезде телефондардың бірі қуаттағышқа қосулы болыпты. 

Ертесі күні ер адамның 57 жастағы әпкесі үй жинап жүріп, оның төсекте қимылсыз жатқанын байқапты. Әйелдің айтуынша, Моимның денесі көгеріп кеткен. Ал сол қолында сым мен оның қап-қара ізі қалған. Қатты шошыған әйел бүкіл үйдегі электр қуатын өшіріп, полиция шақырған.

Тәртіп сақшылары ер азаматтың мәйітінен қинап өлтіру белгілерін таппағын жеткізді. Олар 25 жастағы Састра Моин тоқ тартудан қаза табуы мүмкін деген болжамдарын жасады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде