{metadescription}
Қостанайда әйел көпірден секіріп өлді

Қостанайда әйел көпірден секіріп өлді

Қостанай қаласында көпірден секіріп кеткен әйелге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға бүгін сағат 10.16-да Қостанай қаласында болған, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

«102 кезекші пультіне көпір жанындағы бордюрға бір әйелдің мініп тұрғанын хабарланды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жұмылдырылды. Сәлден соң Тобыл өзенінен әйелдің денесі шығарылды. Алдын ала болжам бойынша, ол көпірден секіріп кеткен. Қазіргі уақытта әйел туралы мәліметтер анықталып жатыр», - делінген полицияның ақпаратында.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабымен «Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» тергеу шаралары басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде