{metadescription}
Жамбыл облысында ер адам келе жатқан пойызды тоқтатпақ болды

Жамбыл облысында ер адам келе жатқан пойызды тоқтатпақ болды

Жамбыл облысында бір жігіт жүріп бара жатқан пойызды тоқтатуға тырысты.

«Полицияның желілік бөліміне Қызылорда – Нұр-Сұлтан хабарламасындағы жолаушылар пойызының машинсі шұғыл тоқтап, адамның пойыз астына түсуінің алдын алғаны туралы қоңырау түсті. Тексеріс барысында Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол темір жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп, жүйткіп келе жатқан пойызды тоқтатпақ болған», - делінеді хабарламада. 

Медициналық сараптама нәтижелері құқық бұзушының орташа дәрежеде мас күйінде болғанын анықтады. Ұсталған адамға қатысты бірден екі бап бойынша хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы, 5-бөлігі, яғни «Теміржол жолдарымен белгіленбеген жерлерден өту» және «Мас күйінде қоғамдық жерде көріну» бойынша оған бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 625 теңге) айыппұл салынды. Ал жолаушылар пойызы өз кестесі бойынша екі минутқа кешігіп шықты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде