Оралда қос автокөлік соқтығысып, 6 адам зардап шекті
Оқиға бүгін Солтүстік-шығыс шағын ауданында Желаев жолында болды.
16:45 03.10.2019
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 07.28-де, содан кейін екінші бригада 07.40-та шақырылды. 1965 жылғы әйел, 1998 және 1999 жылғы қыздар, 1961, 1985 және 1990 жылғы ер адамдар қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Жабық бас-ми жарақатын алған 21 жасар қыз ауруханаға жатқызылды. Қалғандарының денелері көгерген, дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!