55 жасында қыздай көрінетін әже сұлулығының құпиясын ашты
АҚШ-тың Чикаго қаласының тұрғыны Алехандра Лабастида-Шапироның төрт немересі бар.
18:34 03.10.2019
Өз жасынан әлдеқайда жас көрінетін әйел сұлулығының құпиясын бөлісті. Айтуынша, оған сұлулығын сақтауға тағамдық өнімдерді шікелей жеу, табиғи дәрілер, спортпен шұғылдану және позитивті ойлау көмектеседі.
«Денені дұрыс ұстау және дене белсенділігі қуатты сақтауға көмектесіп, тәніңізді улы заттардан арылтады. Сонымен қатар құнарлы заттардың арасындағы теңгерімді сақтау маңызды. Және позитивті ойлаңыз. Мұның бәрі дененің саулығын қамтамасыз етеді», - дейді 55 жастағы Лабастида-Шапиро.
Әйелдің сөзінше, адамдар оны қызымен бірге жүргенін көргенде, егіз әпкесі деп ойлайды екен. Сонымен қатар ер адамдардың назар салып, қошемет сөздерді жиі еститінін жасырмайды. Тіпті, сырттай ғашық болған бірнеше азамат оған гүл жіберген.
Лабастида-Шапиро — үш баланың анасы. Бүгінде оның төрт немересі бар. Әйел пилатес бойынша нұсқаушы болып жұмыс істейді. Оған салауатты өмір салтын ұстануды ата-анасы үйретіпті. Ата-анасы табиғи дәрілер беріп, оны фитнес пен диетаға үйреткен.
Әйелдің сөзінше, егер өзіңді күтіп, салауатты өмір салтын ұстана білсең, «жас – бұл жай ғана сан» деген формуланың бұрыстығы жоқ. Лабастида-Шапиро көп жаттығатынын, алайда артынша денесіне қалпына келуге мүмкіндік беретінін айтады.
«Өзімді жиырма немесе отыз жасыма қарағанда әлдеқайда сау әрі ақылды сезінемін. Тіпті, қуатымды тауысатын «улы» адамдар мен жағдайлардан да қашуды үйрендім. Мұндай қадамға барғанда, өміріңде дұрыс адамдар пайда бола бастайды. Мен әр нәрсенің жақсы жағын ғана көруге тырысамын. Ең бастысы, өзіңмен өзің болу», - дейді Лабастида-Шапиро.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!