Әйел 2 айлық нәрестесін аштан өлтірген
Германияда қазақстандық әйел 2 айлық ұлын аш қалдырып, соның салдарынан бала қайтыс болды.
19:17 03.10.2019
Қайғылы жағдай 2017 жылдың қараша айында болған. Тергеу екі жыл бойы жүргізілді. Әйелге баланы абайсызда өлтіріп алды деген айып тағылып отыр. Әйел Қазақстанның тумасы. Шетінеп кеткен сәбиден басқа тағы 6 баласы бар. Олардың жасы 4-11 жас аралығында.
Сот-медициналық сарапшылар баланың ішек қабынуы болғанын, оның диареямен ауырғанын анықтады. Алайда, мамандар өлімнің қан айналымы бұзылуының себебін атады. Сарапшылар сот кезінде сәбидің қабырғасы шығып кеткенін, терісі салбырап қалғанын айтты. Екі айлық баланың салмағы небәрі — 2823 грамм болды Бұл оның туғандағы салмағынан аз.
Алайда баланың мұндай күйіне ата-анасы еш уайымдамаған. Олар бірде-бір рет педиатрға бармапты. Баланың әкесі — Марокко азаматы. Алты баласымен үшбөлмелі пәтерде тұрады. Отбасы жергілікті билік органдарында тіркелген. Оларға қолдау көрсетіп, жәрдемақы төленіп тұрды. Дегенмен, әлеуметтік қызмет отбасында жетінші баланың дүниеге келгенінен бейхабар.
Гамбург сотының прокуроры «Адам өлтіру» бабын қайта даярлауды талап етеді. Егер әйелдің кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!