Оралда 10 күн жатып қалған ерлі-зайыптының денесі табылды
Орал қаласындағы пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптының мүрдесі табылды.
20:00 03.10.2019
Орал қалалық полиция басқармасының бастығы Мирлан Әйкеновтің айтуынша, оқиға бүгін шамамен сағат 11.00-де Гагарин көшесі бойындағы 3 қабатты үйде болған. Осындағы пәтерден 54 жасар ер және 52 жасар әйел адамның денелері табылды.
«Мүрделердің жатып қалғанына он күндей болған. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала мәліметке қарағанда, олар уланып қалған секілді. Өлімнің нақты себебі сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Әйкенов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!