17 көлік соқтығысып, 10 адам көз жұмды
Кеше, таңғы 6:30-да Нанкин-Лоян магистралінде аяқ асты тұманды бұлттың пайда болуының салдарынан бірінен соң бірі 4 жол апаты орын алды.
10:42 04.10.2019
Бэнбу қаласы Қытай коммунистік партиясы насихат бөлімінен мәлім еткендей, жол апаты салдарынан 9 адам оқиға орнында жан тәсілім еткен, ал бір адам шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде көз жұмған, тағы 7 адам жарақат алды.
17 көлік әртүрлі деңгейде бүлінген. 10:17-де апаттық бөліктерде екі бағыт бойынша да қозғалыс ашылды, 13:30-да тергеу операциялары аяқталып, қозғалыс толықтай қалпына келтірілді. Қазіргі таңда зардап шеккендердің барлығы қажетті ем-дом алуда, апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасы жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!