{metadescription}
Елордада оқушы 16-қабаттан құлап ажал құшты

Елордада оқушы 16-қабаттан құлап ажал құшты

Нұр-Сұлтанда 17 жастағы қыз 16-қабаттағы балконнан құлап мерт болды.

Қайғылы жағдай 3 қазан сағат 10.30 шамасында Қосшығұлұлы көшесіндегі үйде болған. Оқиға орнына дереу жеткен арна тілшілерінің хабарлауынша, оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Ол өмірімен қош айтысу үшін зәулім үйдің 16-қабатына көтеріліп, секіріп кеткен деген болжам айтылуда.

Белгілісі, марқұм бұл үйде тұрмаған. Тағы бір анығы, оқиға орнында қыздың күртешесі мен сөмкесі қалған. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге әкелу) бойынша жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде