Ақтөбеде мектеп оқушысы асылып қалды
Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады.
12:28 04.10.2019
Жасөспірімді жақындары өз үйінде асылып тұрған жерінен тауып алған.
«Ақтөбе қаласында 30 қыркүйек күні кешкі уақытта кәмелетке толмаған 13 жастағы оқушы өз үйінде асылып қалған. Жасөспірім үйінің үлкені, анасымен бірге тұрған. Әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Бала ешқандай есепте жоқ, мұғалімдері жақсы мінездеме берді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жас өреннің мұндай қадамға баруға не себеп болғаны анықталып жатыр. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105 бабы, 3 тармағы бойынша, яғни, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!