{metadescription}
Сәбиінен айырылған әйел 33 литр омырау сүтін қайырымдылыққа берді

Сәбиінен айырылған әйел 33 литр омырау сүтін қайырымдылыққа берді

Баласы туғаннан бір сағат өткен соң қайтыс болған америкалық әйел шала туған және ауру балаларға 33 литр омырау сүтін қайырымдылық ретінде берді. 

Алексис Маррино Оңтүстік Дакота штатының Рапид-Сити қаласында осы жылдың шілде айының соңында қыз баланы өмірге әкелді. Алайда, қыз бала туылғаннан бір сағат он минут өткенде антенсфалия, құрсақ ішіндегі ақауларға байланысты шетінеп кетті. Америкалық әйел жүктілік кезінде бұл ауру туралы білді, бірақ түсік жасаудан бас тартты. Ең болмағанда қызымды қолымда ұстап көрейін деп шешті.

22 жастағы ана мен оның күйеуі осылайша қызынан айырылды. Алайда, әйел ауруханада туған басқа балаларға  қолдан келгеннің бәріне көмектесуге шешім қабылдады. Жеті аптада ол 33 литрден астам омырау сүтін таратты. Маррино бұл нәтижені мақтан тұтатынын атап өтті.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.