Украинада ұшақ апатты жағдайда қонып, адaмдар көз жұмды
Украинадағы Львов әуежайының маңында Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонды.
14:16 04.10.2019
Қазіргі уақытта экипаж эвакуацияланып жатыр. Хабарланғандай, бүгін сағат 10:10-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Ан-12 ұшағы Львов халықаралық әуежайына қонуға бағыт алғанда, 13,7 шақырым қашықтықта радардан жоғалып кеткен.
«Сағат 7:29-да (жергілікті уақыт бойынша – ред.) экипаждың бір мүшесі байланысқа шығып, Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонғанын хабарлады. Сағат 7:46-да Ан-12 ұшу-қону жолағынан бір жарым шақырым жерден табылды. Ұшақ өртенген жоқ. Экипаж зақымдалған ұшақтан шығарылып жатыр», - делінеді мемлекеттің төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Мемлекеттің инфраструктура министрі Владислав Криклийдің мәліметінше, экипаж жанармай таусылғандықтан апатты жағдайда қонған. Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 4 адам көз жұмып, тағы үшеуі зардап шеккен. Сонымен қатар екі адамның тағдыры белгісіз қалып отыр.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!