{metadescription}
Оралда ер адам әжетханаға түсіп көз жұмды

Оралда ер адам әжетханаға түсіп көз жұмды

Оралда ер адам көшедегі әжетханаға батып кетті.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 4 қазан күні сағат 17.20-да М.Шолохов көшесі 21-мекенжайында болған. «Форсаж» автокешеніндегі әжетханаға 1971 жылғы азамат батып кеткен. Әжетханадағы сұйықтық сорып алынып, марқұмның денесін шығару жұмыстары жүргізілуде.

Еске салайық, Павлодарда кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыз әжетханаға құлап кеткен. Белгілі болғандай, 2004 және 2003 жылғы кәмелет жасына толмаған қыздар сыра ішкен соң, Шахтер саябағына серуендеп қайтуға кеткен. Аз уақыт өткен соң жасөспірімдердің бірі әжетханаға барған. Ол әжетханада көзілдірігін түсіріп алған. Сол көзілдірікті аламын деген сәтте, өзі де әжетхнаға құлап кеткен

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде