Жаңа аттракционды тексеру кезінде бойжеткен қаза тапты
Өзбекстанның Наманған қаласында 18 жастағы қыз жақында ғана салынған жаңа аттракционды сынау кезінде қаза тапты.
10:40 05.10.2019
Куәгерлердің айтуынша, ойын-сауық бағында құрылысшы болып істеген Эля Холикова 30 қыркүйекте "Spin block" аттракционын орнату кезінде мерт болған. Бас прокуратура бұны "қайғылы оқиға" деп сипаттап, оған қыздың өзі кінәлі екенін хабарлаған.
"Ол сынақ кезінде әткеншектердің біріне рұқсатсыз отырған" деді бақ қызметкерінің бірі. "Афсоналар водийси" ойын-сауық орталығы Наманганда биыл жазда ашылған.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!