GGG мен Деревянченко көз арбасты
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, көз арбасты.
11:19 05.10.2019
Головкиннің салмағы 159,2 фунт (72,21 килограмм) болды. Ал Деревянченко 159 фунт (72,12 килограмм) тартты. Орта салмақтың шекті көрсеткіші — 160 фунт, яғни 72,574 килограмм. Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегі 6 қазан күні таңертең Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеулері үшін таласады.
Сондай-ақ, аталмыш бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы — Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-7-2, 7 КО) қолғап түйістіреді. Ол да салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!