Жын шығармақ болған ер адам баласын өлтіріп алды
АҚШ-тың Аризона штатында полицейлер туған баласын өлтірді деп айыпталған 31 жастағы Пабло Мартинезді тұтқындады.
12:34 05.10.2019
Тергеушілерің айтуынша, айыпталушы баласының аузына ыстық су құйғанын мойындаған. Ол баласының ішіне жын кіргенін, соны шығару үшін осындай әрекетке барғанын айтады.
Ер адам ваннадағы ыстық су аққан кран астына баласының аузын тосқанын, ал ыстық су жынды шынымен де қуа бастағанын айтқан. Осылайша ол баласын бес минуттан он минутқа дейін ұстап тұрған. Паблоның әйелі бұл ессіздікті тоқтату үшін полиция шақырған. Алайда, тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп жеткенде баланың ес-түссіз жатқанын көрген.
Сот құжаттарында Баннер университетінің медициналық орталығының бала денесінің 15% күйік шалғанын, сонымен қатар оның көз жұмғанын растаған қорытындысы тіркелген. Кінәлі азамат тұтқындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!