Ақтөбеде оқушылар мінген автобус аударылды
Ақтөбе қаласы маңында балалар мінген автобус аударылып, жедел жәрдем шақырылды.
16:41 05.10.2019
Жол-көлік оқиғасы Ақтөбеден 13 шақырым жерде "Солтүстік айналма" тасжолында болған. Ақтөбе облыстық денсақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама сағат 11:01-те түскен. Автобус ішінде №9 мектеп-гимназиясының 18 оқушы мен 9 ата-ана болған.
«Автобус жүргізушісі жол ережесін бұзып, «Тәжікстан азаматы мінген «Ниссан« көлігімен түйісіп қалды. Салдарынан автобус аударылды. Жедел жәрдем қызметі 16 баланы ауруханаға жеткізіп, екеуі жатқызылды. Ал жедел жәрдем ауруханасына 3 ересек адам жеткізілді. Оқиға орнында дәрігерлер, полиция мен төтенше жағдай қызметі жұмыс істеді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жолға шыққан мектеп автобусы полициядан қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы өтініш жасамаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!