Оралда 21 жастағы қыз жетінші қабаттан секіріп кетті
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңда орын алды.
17:33 05.10.2019
1998 жылғы қыз 7-қабат балконынан секіріп кетті. Қыздың қайтыс болу оқиғасы бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Захаров көшесіндегі үйге жедел жәрдем сағат 06.32-де шақырылды. Бригада бес минуттан кейін жетті. Бас пен мидың ашық жарақатын алған қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жас мұғалімнің асулы күйінде табылғанын жазған болатынбыз.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!