Алматыда екі жер үй өртенді
Алмалы ауданында өрт шыққаны туралы хабар күндізгі 11-лер шамасында түскен.
14:48 06.10.2019
«Өрт сөндірушілер келген сәтте мынадай жағдай орын алған: 50-ші жылдары салынған 2 жеке тұрғын үй өртеніп, (ескі, ағаштан салынған), жалын шаруашылық қораларына жайылған. Үйлердің бірі барақ тәрізді 4 пәтерге бөлінген», - деді ТЖД-да.
Тілсіз жау 11-20-да ауыздықталды. Өрттің жалпы аумағы 395 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 44 қызметкері, 18 техника, полицейлер аттанды. Өрт сөндірушілердің арқасында жалын жақын маңдағы 3 үй мен олардың қораларына жайылып үлгерген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!