{metadescription}
Дәрігерлер жүзімнің бірнеше пайдасын айтып берді

Дәрігерлер жүзімнің бірнеше пайдасын айтып берді

Дәрігерлер жүзімнің пайдасын айтып берді.

Жүзімнің сүйектерінде А, Е және К витаминдері және табиғи майлар бар. Бұл заттардың барлығы жасушалардың қатаюына, жасару эффектісіне үлес қосады. Жидектің барлығын сүйегімен жеу керек, сол кезде пайдасы да арта түседі. 

Сондай-ақ, жүзімнің құрамында өсімдік эстрогені ресвератолдың тобына жататын зат бар. Ол қандағы холестериннің деңгейін және қан тамырларындағы ісіп қызару процесстерін төмендетеді. Жүзімнің құрамында маңызды фенолды біріктірулер: кофе қышқылы, кверцетин, мирецетин бар. Кейбір зерттеулерден бұл жидектің ағзаны қатерлі ісіктің дамуынан қорғайтыны анықталды. 

Жүзім барлық ағза мүшесіне пайдалы. Жасұнық ас қорытуға көмектеседі, ал минералдар жүйке жүйесіне жақсы септігін тигізеді. Дәрігерлер күніне 150-250 грамм жүзім жеп тұруға кеңес береді. Мамандар жүзімнің ішінен қарасын таңдаған жөн дейді. Қара жүзімнің құрамында антиоксиданттар көп.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде