Таиландта пілдің баласын құтқарғысы келген алты жануар өліп қалды
Таиландта сарқырамадан бір-біріне көмектесіп өтпек болған алты піл өліп қалды.
16:17 06.10.2019
Оқиға елдің оңтүстігінде орналасқан Хао-Яй қорығында орын алды. Мұндай жағдайға жануарлар пілдің баласы сарқыраманың жанындағы құзға құлап қалған соң тап болды. Оған көсектескісі келген басқа пілдер де құзға құлады. Бұл сарқыраманың тарихы қайғылы оқиғаларға толы. Жергілікті тұрғындар оны қара құрдым деп атайды.
1992 жылы бұл жерде сегіз піл өлген. Қорықтар мен табиғатты қорғау министрлігінің жасаған мәлімдемесінде бір топ пілдің жолға шығып, кептеліс жасағаны айтылады. Мұны қорықтың қызметкерлері сарқыраманың жанына барғанда көрген. Үш сағаттан кейін үш жасар піл баласының денесі сарқыраманың түбінен табылды. Жақын маңайда бес үлкен пілдің денесі жатты. Екі піл таудан табылды. Билік оларды құздан ары қарай қуып жіберуді ойластыруда, деп жазады stan.kz.
Жабайы жануарлардың достары атты қордың негізін қалаған Эдвин Виек тайпадағы өзге пілдерде өліп қалады деп ойлайды. Себебі, бұл жануарлар жыртқыштардан қорғанып, қорек табуда бір-біріне тәуелді. Сонымен қатар, пілдердің бір-бірінің қазасын ауыр көтеретіні белгілі.
"Ешнәрсе істей алмайсың, қатал табиғат", — деді Эдвин Виек.
Таиландта 7 мың азиялық піл бар. Олардың басым бөлігі еркіндікте өмір сүрмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!